СҚО-да 7 мың адам 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған 7 мыңнан астам адам 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берді. Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті телеарна арқылы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңір тұрғындарының 3 мыңына төлем жасалды.

«Президенттің бастамасымен құрылған «Biz birgemiz» қоры халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына әрқайсысына жекелей көмек көрсетеді. Облыстың аз қамтылған тұрғындарына азық-түлік пакеттері мен санитарлық-гигиеналық заттары таратылды. Барлығы 1252 жинақ үлестірілсе, оның 596 Петропавл қаласында берілді. Акция алда жалғасын табады. Мұқтаж жандарға қаржылай көмек те көрсетілмек. 50 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек олардың есепшоттарына аударылатын болады», - деді Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі супермаркеттердің жеткізу қызметін жетілдіріп жатқандығын айтты. Қазіргі таңда «Семейный» мен «Северный» сауда желілеріне тапсырыс берушілер саны артқан. Сол себепті компаниялар штат санын ұлғайтты.

«Петропавлда азық-түлікті жеткізу 24 сағат жұмыс істейді. Бұл жұмыстарға басқа супермаркеттерді де тартып жатырмыз. «Магнум» тапсырыс қабылдайтын чат ашады. Ал «Пирамида» вокзал маңындағы аудан тұрғындарынан тапсырыс алады», - деді өңір басшысы.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов сондай-ақ енді дене қызуы бар тұрғындардың супермаркеттерге кіргізілмейтіндігі жөнінде айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар