USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да 69 шетелдік азамат қазақстандық құжаттарды қолданып келген

2021 жылғы 30 қыркүйек 06:33
Бөлісіңіз:
СҚО-да  69 шетелдік  азамат қазақстандық құжаттарды қолданып келген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері биыл 3800-ден аса бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-дағы ірі комбинат өз жұмысшысының отбасындағы дүниеге келген әр балаға қомақты қаражат төлейді Петропавлда карантин шараларын бұзудың 400-ге жуық жағдайы тіркелді Туған жер: СҚО-да 326 жоба жүзеге асты

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері биыл көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 3800-ден аса деректі анықтаған. Басым бөлігі, яғни 3 167-сі - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы «Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұруға» қатысты. Бұдан бөлек, ел аумағында болу қағидаларын бұзудың 447 дерегі анықталды.

«Ел аумағында болу қағидаларын бұзу негізінен рұқсат етілген келу мерзімдерін сақтамауға және келу мақсатының сәйкессіздігіне байланысты. 28 адам заңмен белгіленген бір ай мерзімде басқа азаматтық алғаны туралы хабарламаған. Тағы 69 адам шетел азаматтығын алғанымен, қазақстандық құжаттарды қатар қолданып келген», - дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 37 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапқа тартылды.

«Қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде басқа мемлекеттердің азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың келгендігі жайында ішкі істер органдарын хабар етуі тиіс. Көші-қонға байланысты сұрақтар туған жағдайда аумақтық көші-қон қызметіне жүгінуге болады. Петропавлда: 8 (7152) 34-00-50 телефон нөміріне, сондай-ақ сыртқы көші-қон мәселелері бойынша 8 (7152) 34-00-23, азаматтық мәселелері бойынша 8 (7152) 34-00-35 телефондарына хабарласуға болады», - дейді Талғат Әбілов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT