СҚО-да 600 орындық мектеп ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «Береке» ықшам ауданында жаңа қазақ мектебі қолданысқа берілді.

«Мереке күні облысымызда әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылуда. Бүгін «Береке» ықшам ауданындағы 600 орындық жаңа қазақ мектебі қолданысқа берілді. Бұл Петропавлдағы соңғы 12 жылда салынған алғашқы мектеп.


Дәл осындай 900 балаға шақталған мектеп «Жас Өркен» шағын ауданында салынып жатыр. Мағжан Жұмабаев көшесінде тағы бір мектептің құрылысы басталып жатыр. Жаңа білім ордаларының салынуы үш ауысымдық оқуды жойып, білім сапасын арттыруға септігін тигізеді», деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов Facebook-тегі парақшасында.

Әкімнің айтуынша, соңғы үш жылда өңірдегі білім саласына бөлінген қаржы 29% ұлғайған.

«Бұл тенденция жалғасады. Мектептердің құрылысына және жөнделуіне қомақты қаржы жұмсау жалғасын табады», деді әкім.





Соңғы жаңалықтар