СҚО-да 600-ден астам қару жойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бір жыл бойы тәркіленген, жұрт тапсырған және табылған 600-ден астам қаруды жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер жылына бір рет қару жою акциясын өткізеді. Бұл негізінен жедел-алдын алу іс-шаралары кезінде тәркіленген қару-жарақ. Жойылғанға дейін олар арнайы жабдықталған нысанда сақталады. Кейін тыл жағынан қамтамасыз ету басқармасының мамандары қаруларды атуға жарамсыз етіп, жәшіктерге салады. Ал жәшіктер арнайы күзетпен облыс кәсіпорындарының біріне жеткізіледі.

Қару-жарақ салынған жәшіктер комиссия мүшелерінің көзінше ашылды. Оның барлығы үздіксіз бейнекамераға түсірілді. Кейін қару болат балқытатын пешке жөнелтілді.


«Осы жолы 627 қаруды жойдық. Пеште балқытуға 8 сағат уақыт кетті. Шара басынан соңына дейін комиссия мүшелерінің көзінше өтті. Өйткені әр қару қатаң есепте болды. Бұл акция полицейлердің заңсыз қаруды анықтап, тәркілеу бойынша бір жыл бойы жүргізген еңбегінің қорытындысы. Заңсыз қару-жарақты жою, онымен жасалатын қылмысты төмендетеді. Тұрғындарды тағы бір мәрте ескерткім келеді, үйде заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру арқылы әкімшілік жазадан құтылуға болады», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Айдос Ыдырысов.



Соңғы жаңалықтар