СҚО-да 6 мың жас жұмыспен қамтылады

Фото:
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жыл соңына дейін өңірде 6 мың жас жұмыспен қамтылатынын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің мәліметінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесуде солтүстікқазақстандықтардың табысын арттыру және оларды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.

«Біздің облыста биыл 13 мың жұмыс орнын құру жоспарда бар. Бүгінгі күнге дейін 11 мың жұмыс орны құрылды. Оның 72%-і тұрақты жұмыс орындары.

Жастарды еңбекпен қамту «алғашқы жұмыс орны», «жастар тәжірибесі» және «ұрпақтар келісімшарты» жобалары аясында жүзеге асуда. Жыл басынан бері 3,5 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін бұл межені 6 мыңға дейін жеткіземіз.

Кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасының аясында тұрғындарды жұмыспен қамту үшін қаржыландыру 4 есе өсті, 1,4 млрд. теңгеден 6 млрд. теңгеге дейін», -деп жазды Қ.Ақсақалов.

Т.Дүйсенова кәсіпкерлермен кездесуде еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен азаматтарды көшіру бағдарламасындағы өзгерістер туралы, жастармен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен – жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау мәселелеріне тоқталды.


Соңғы жаңалықтар