СҚО-да 54 жастағы әйел өз үйінде жанып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында түнде 40 минуттық айырмашылықпен әртүрлі ауылдардағы екі тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жергілікті жердің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір-бірінен 14 км қашықтықта орналасқан Аққайың ауданының Смирново және Қаратомар ауылдарында өрт болған.

«Түнгі саған 02:00 шамасында Қаратомар ауылындағы үйде болған өрт туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірген. Қосымша күштер қажет болып, ТЖ орнына өрт сөндіру бригадасы бар екінші көлік келген. Дәл осы уақытта Смирново ауылындағы үйде болған өрт туралы хабар келіп түседі. Қызылжар ауданының Бескөл аудан орталығынан бекітілген құрамды шақыруға тура келді. Көршілер үйдің ішінде 54 жастағы әйелдің бар екенін айтқан. Кейін оның денесі табылды», - деп хабарлады Департамент басшысының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Екі үй де толығымен жанып кеткен. Н.Атығаев екі жағдайда да өрт туралы хабар үйлер ашық жанып жатқан кезде кеш келіп түскенін атап өтті.

Жыл басынан бері ауданда 509 өрт оқиғасы тіркелген. Олардың көбісі тұрғын үйлерде болған. Өрт салдарынан 33 адам қаза тапса, 25-і жарақат алған.

Құтқарушылардың айтуынша, өрттің көп себебі адам факторынан болады екен: электр жабдықтарын орнату және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы.

Соңғы жаңалықтар