СҚО-да 530-ға жуық мал қорымының бірі де талапқа сай келмейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 529 мал қорымы болса, олардың бір де бірі санитарлық талапқа сай келмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде 529 мал қорымы бар. Оның 17-сі типтік болса, қалған 512-сі қарабайыр жасалған. Яғни, санитарлық нормаларға сай емес.

«Өлген мал қазылған шұңқырға тасталады. Ордың шеттері опырылып құлап жатыр. Қарадүрсін қоршалған, салдарынан иттер өлексені сүйреп шығарып, қоректенеді. Ал, бұл аурулардың таралуына әкеледі. Аудандарға мал қорымдарының жағдайы белгілі. Алайда, бір де біреуі оның құрылысына бір тиын да қаржы бөлген жоқ», - дейді облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Алтынбек Абдоллаев.

Ветеринарлық заңнама бойынша, мал шаруашылығымен айналысатын ауылшаруашылық құрылымдары мал қорымдарын салуға міндетті. Дегенмен, бұл талап орындалмай келеді. Мамандардың айтуынша, әр ауданда ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келетін ең кемі екі мал қорымын салу қажет.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, СҚО-да қауіпті созылмалы мал ауруларының 17 ошағы бар.

Соңғы жаңалықтар