+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

СҚО-да 515 адам сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытылды

2021 жылғы 17 тамыз 22:55
Бөлісіңіз:
СҚО-да 515 адам сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 515 адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда тұрмысы нашар 140 отбасы полиция есебінде тұр

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтар үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылған. Бұл жерде тұрғындар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеріп шығады.

Жыл басынан Халықты жұмыспен қамту орталықтары 515 адамды оқуға жіберсе, соның ішінде 255 адам бүгінде аса сұранысқа ие құрылыс мамандығын алып шыққан.

Солардың бірі Андрей Обухов бағдарламаның бірінші бағытына қатысушы. Ол наурыз-маусым айында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжіндегі орталықта «электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша кәсіби даярлықтан өтті. Жатақханада тегін тұрып, шәкіртақы алды, жүрген жолы үшін өтемақы берілді. Қазір ол Астраханка ауылындағы жеке кәсіпкерліктердің бірінде дәнекерлеуші болып еңбек етіп жатыр.

Ал Тимирязев ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны Тамара Черенева халықты жұмыспен қамту орталығының көмегімен үш айлық курстан өтті. Нәтижесінде «әлеуметтік қызметкер» мамандығын алып шықты.

«Бұған дейін қанша уақыт жұмыссыз отырдым. Мемлекеттік бағдарламаның мен сияқты тұрғындарға көмегі зор. Жаңа мамандықты тегін аласың, оған қоса үш ай бойы оқыған уақытыңа шәкіртақы төленеді. Кейін жұмысқа орналасуыңа көмектеседі. Алғысым шексіз», - дейді Тамара Черенева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT