СҚО-да 5 күн ішінде іздеудегі 10 қылмыскердің жүрген жерін анықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Нәтижесінде іздеуде жүрген 10 қылмыскердің жүрген жері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында 9-18 наурыз аралығында «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Операцияның бес күні нәтижелі болып, іздеудегі 10 қылмыскер табылды.

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында ұрлық жасады деген күдікпен СҚО тұрғыны ұсталды. Ер адамды қолға түсіру үшін өңір полицейлері астанаға қызметтік сапармен барды. Петропавлдың жедел уәкілдері әріптестерімен бірге күдіктіні тауып, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кейін ол Петропавлға жеткізіледі.

Ал Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері операция аясында наурыздың басынан іздеуде болған ер адамды ұстады. Оған бірнеше ұрлық жасады деген айып тағылған.

«Ауыр және аса ауыр қылмыс жасауда күдіктілер сот органдарынан қашып шет елге кеткілері келеді. Оларды іздестіруге ерекше назар аударылады. Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыс аумағынан Ресейдің Амур облысының ішкі істер органдары іздеу жариялаған қылмыскер табылды, ал Өзбекстан полицейлері СҚО-да іздеудегі күдіктіні анықтауға көмектесті», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.


Соңғы жаңалықтар