СҚО-да 5 баланы бауырына басқан отбасы ұлттық байқауда жеңіске жетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өңірлік кезеңінің жеңімпазы Крейдундер 5 млн теңгенің сертификатына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне 17 жеңімпаз отбасы қатысты.

Бас жүлде Шал ақын ауданы Ольгинка ауылындағы Крейдун көпбалалы отбасына бұйырды.

Отағасы Сергей Крейдун шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істейді.

Зайыбы Инна Андреевна - 30 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі. Олардың шаңырақ көтергендеріне 30 жылға жуық. Тұңғышы Андрей мен қызы Виолетта ер жеткен, өз алдына отау құрған.

«2017 жылы «Патронаттық отбасы» бағдарламасы бойынша біз бес баланы тәрбиемізге алдық. Олар: Любовь, Валентина, Петр, Маргарита және Вероника. Бұл шешімге ешқашан өкінген емеспіз, олар біздің өз баламыздай болып кетті», - дейді отанасы Инна Крейдун.

Андрей қосалқы шаруашылықпен айналысады, Виолетта – тәрбиеші, Любовь 2-курс студенті.

Валентина, Маргарита, Вероника және Петр мектепте оқиды. Олардың барлығы қазақ тілін еркін меңгерген.

«Балаларымызды мақтан тұтамыз. Біз балаға өмір сыйласақ, олар біздің өміріміздің мағынасы. Бүгін оқу, мамандық алу, болашақты жоспарлау мүмкіндігін бергені және біздің отбасымызды қолдағаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Өмірдің құндылықтарын бағалау өте маңызды», - дейді Инна Крейдун.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Крейдун отбасына мүсінше, Мемлекет басшысының дипломын, байқауға қатысқаны туралы естелік диплом мен 5 млн теңгенің ақшалай сертификатын табыс етті.


Соңғы жаңалықтар