СҚО-да 49 елді мекенде су сапасы жақсарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында елді мекенде ауыз су сапасы жақсарды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жол желісін жөндеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. 813 шақырым жол жөнделді. Ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасты. 44 ауылға асфальт төселді. Биыл облыстағы жақсы жолдардың үлесі 74 пайызды құрады. 4 жылдан кейін бұл көрсеткіш 98 пайызға дейін көтеріледі. Жөндеу жұмыстары 2,1 мың шақырым жолды қамтиды. Бұл бағыттардың бойында 350 ауыл бар», -деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – сумен қамтамасыз ету. 2021 жылы бұл саланы қаржыландыру 1,8 есеге, 11,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

«49 елді мекенде ауыз су сапасы жақсартылды. Ауылдарда 159 шақырым желі тартылып, 3 мың отбасы орталық су жүйесіне қосылды. 11 мың адам тұратын 18 ауылды байланыстыратын Преснов топтық су құбырының екінші кезегі іске қосылды. Алдағы 4 жылда 78 ауылдың су мәселесі шешілмек. Ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету 100 пайызға жетпек», - деді Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар