СҚО-да 4 мыңға жуық шылымқор айыппұл төлейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 12 айы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 138 мың құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алкогольдік ішімдік пайдаланғаны немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін өңірдің 13 мың тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды. Петропавлдың 30 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторының қатаң бақылауында. Жас әйел қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін жарты жылдың ішінде бірнеше рет жауапқа тартылды. Осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін ол үш тәулікке қамалды.

4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық ит пен мысық асырау ережелерін бұзғандары үшін жазаланды. Бұл үшін 6 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Облыстың екі мыңнан астам тұрғыны кішігірім бұзақылық жасаған, соның ішінде қоқыс тастаған.

Құмарпаз шылымқорлар темекі шегуге тыйым салынған жекеленген қоғамдық орындарда шылым тартқандары үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 441-бабында көрсетілгендей, 13 мың теңгеге дейін айыппұл төледі. Өткен жылы 3825 осындай құқық бұзушылық анықталды.

Тыныштықты бұзғаны үшін 1287 хаттама толтырылды. Шамамен 6 мың құқық бұзушылық қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыруға байланысты болды. 50 мыңнан астам адам жол ережелерін сақтамағандары үшін жауапқа тартылды. 

null 

Соңғы жаңалықтар