СҚО-да 4,6 мың адам жұмыссыз ретінде ресми есепте тұр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 539 мыңнан астам адам болса, соның 305 мыңы жұмысқа жарамды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына қатысты ішінара зерттеу жүргізді. Биылғы ІІІ тоқсандағы мәлімет бойынша өңір тұрғындарының 305,6 мыңының жасы 15-тен жоғары. Яғни жұмыс күшінің үлесі – 71,2 %.

Облыс экономикасының түрлі саласында 291 мың адам жұмыс істейді. Бұл жұмысқа жарамды тұрғындардың 67,8 %. Олардың шамамен 52 %-ы – ер адамдар. Жалданып істейтін қызметкерлердің үлесі – 74,8 %, бұл шамамен 218 мың тұрғын.

Жұмысқа жарамды тұрғындардың арасындағы жұмыссыздық үлесі – 4,8 %. Оның ішінде 48,8 %-ын әйелдер құраса, 15-28 жастағылардың арасында жұмыссыз жүргендердің үлесі 2,8 %-ға жеткен.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қазіргі уақытта 4,6 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде тұр. Олардың ішінде жұмыс күшіне жататын тұрғындардың үлесі - 1,5 %. Былтыр бұл көрсеткіш 5,9 мың адамды құраған.


Соңғы жаңалықтар