СҚО-да 38 жастағы әйел 2 айдан бері табылмай жатыр

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың 38 жастағы тұрғыны желтоқсан айының соңында үйінен кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері Нина Дворецкаяға әлеуметтік желі арқылы іздеу жариялады. Петропавлдың 38 жастағы тұрғыны 21 желтоқсан күні Новая, 83 көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ.

Келіншектің бойы 165 см шамасында, арықша келген. Қысқа қара шашты, сұр көзді.

Үйден кеткенде үстінде пальтоға ұқсас тігілген қара куртка болған. Басында қара бас киім, қара джинсы шалбар және қара «угги» киген.

Ішімдікке салынып кетуі мүмкін.

Көрген-білгендер 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.

Ал бұған дейін іздеу жарияланған Шынар Байғабұл аман-есен бес күннен кейін табылды. 19 жасар бойжеткен 20 ақпан күні таңертең сабағына барамын деп үйден шығып кеткен. Кешке үйіне келмеген соң ата-анасы полицияға хабар беріп, оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге волонтерлер де жұмылдырылған еді.

Жалпы Петропавлда жыл басынан бері 50-ге жуық адамға іздеу жарияланса, олардың басым бөлігі кезекші тәулік ішінде аман табылып, туыстарымен қауышты.


Соңғы жаңалықтар