+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

СҚО-да 35 жастағы ер адам екі айдан бері табылмай жатыр

2021 жылғы 14 қыркүйек 17:29
Бөлісіңіз:
СҚО-да 35 жастағы ер адам екі айдан бері табылмай жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлер мен полиция екі айға жуық 35 жастағы Василий Костюкті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да меморгандардың қаражатты қандай мақсатқа негізсіз жұмсамақ болғаны анықталды Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар аман табылды СҚО-да скутер мінген жігіт бағанға соғылып көз жұмды

Петропавл тұрғыны Василий Костюк 20 шілде күні үйінен Көкшетауға барып, жұмысқа орналасамын деп шығып кеткен. Содан бері еш хабар жоқ.

Оған әлеуметтік желіде де іздеу жарияланды, алайда әзірге нәтиже шықпай жатыр.

Василий Костюк 1986 жылы 18 наурыз күні туған. Бойы 175-180 см шамасында, орташа келген, көк көзді, қысқа шашты, басында тыртығы бар. Жоғалған күні үстіне қандай киім кигені белгісіз. Өзімен бірге жеке куәлігі және ақшасы болған.

Ер адам жайында қандай да бір мәлімет бойынша 8 777 608 88 49, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT