СҚО-да 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда кеңес сарбаздарының ұлы ерлігін еске алынып, 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Салтанатты рәсімге аймақ басшысы Ерік Сұлтанов қатысты.

Жыл сайын дәл осы күні петропавлдықтар 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне арналған ескерткішке келіп, Ленинградты блокада кезінде қорғауда қаза тапқан сарбаздарға өз құрметтерін білдіреді. Жиналғандардың ішінде сол қаралы оқиғаның куәгері болған азаматтар да бар. Жиналғандар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Соңғы жаңалықтар