+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

СҚО-да 300 шаруа жеңілдетілген несие алады - Құмар Ақсақалов

2020 жылғы 2 сәуір 16:40
Бөлісіңіз:
СҚО-да 300 шаруа жеңілдетілген несие алады - Құмар Ақсақалов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық шаруа жеңілдетілген несие алады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет халықты төтенше жағдай кезінде қолдау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауда. Жақында Мемлекет басшысы халыққа ұндеуінде халыққа қаржылай көмектің әлеуметтік пакетін кеңейтті. 42 500 теңге көлеміндегі төлемді бейресми жұмыс істеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да ала алады. Ол үшін Egov.kz электронды үкімет порталында өтінім қалдыру қажет. Және Телеграм-бот іске қосылады», - деді облыс әкімі «QYZYLJAR» телеарнасының тікелей эфирінде.

Барлық сақтандырылмаған азаматтар 1 шілдеге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті толық көлемде ала алады.

Тегін азық-түлік жиынтығы берілетін азаматтар санаты кеңейтілді. Аз қамтылған көпбалалы отбасылардан бөлек, бұл көмекті 1,2,3 топтағы мүгедектер мен ресми жұмыссыздар да алатын болды.

«Сонымен бірге, Президент көктемгі егін жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға толық қолдау көрсетуді тапсырды. Фермерлер 5 пайызбен жеңілдетілген несие ала алады. Бұл мақсатта еліміз бойынша 70 млрд теңге бөлінеді. Біздің облыста 300-ге жуық аграрлық кәсіпорындар осы мүмкіндікті пайдаланады», - деді Қ. Ақсақалов.

Айта кетейік, 3 сәуір күні сағат 00.00-де Петропавл қаласы аумағына карантин режимін енгізіледі. Тұрғындар түнге дейін қалаға кіріп-шыға алады.

Барлық қоғамдық орындар, саябақтар мен скверлер жабылды. Қала маңы автобустары мен барлық қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT