СҚО-да 300-ден астам ірі қара мал бруцеллез жұқтырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 311 ірі қара мал бруцеллезбен ауырды, қазір олардың иелері өтемақы алуға құжаттарын тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, Есіл ауданында наурыз айынан бастап 124 ірі қара мал ауырса, Қызылжар аудандарында бруцеллез ауруының 101 жағдайы тіркелген.

«Бруцеллез анықталған жағдайда мал иесі Заң бойынша 15 күн ішінде түлікті төлімен бірге міндетті түрде санитарлық союға тапсыруы тиіс. Себебі

олар инфекция таратушы болып табылады, басқа жануарларға жұқтыруы мүмкін. Ветеринарлық қызмет жануарларды ет комбинатына дейін тегін жеткізеді. Кәсіпорын ауру малды жасына және жынысына қарай сатып алады», - дейді ветеринарлық қызмет мамандары.

Егер малдың еті мен ішкі мүшелерінде ауруға байланысты патологиялық өзгерістер болса, мал иелеріне орташа нарық бағасының 30 %-ы өтеледі.

Ет таза болған жағдайда он екі сағаттан кейін ол шектеусіз сатуға жіберіледі.

«Өтемақы заң бойынша белгіленген құжаттардың толық пакеті болған жағдайда ғана жасалады. Қазіргі уақытта 25 ірі қара малға байланысты 4 адамнан құжаттар қабылданды. Жалпы сомасы 2,1 млн теңге. Өтемақы тек қазан айынан бастап қана төлене бастайды», - дейді ветеринарлар.

Мамандардың айтуынша, биыл бруцеллезбен ауырған мал саны 117 басқа азайған.


Соңғы жаңалықтар