+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

СҚО-да 3,1 млн тонна бидай жиналды

2021 жылғы 27 қыркүйек 18:58
Бөлісіңіз:
СҚО-да 3,1 млн тонна бидай жиналды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында енді бірер күнде егін орағы аяқталады, диқандар әр гектардан 10,6 центнерден өнім алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қайырымдылық қанымызда бар – Сәуле Оразова СҚО-да вакцинация паспортын қолдан жасаған медқызметкер сотталды СҚО-да бір аптаның ішінде 21 адам коронавирустан көз жұмды

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл жалпы 3 млн га алқапқа астық және дәнді-бұршақты дақылдар егілді. Соның ішінде 2,4 млн га – бидай, 1 млн га – майлы дақылдар, 344,8 мың га – жем-азық, 31,9 мың ға картоп және 6,2 га көкөністер. Бірер күнде егін орағы аяқталады.

«Қазіргі уақытта өңірдің шаруашылықтары 2,9 млн га аумақтан астық және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап алды. Бұл барлық жиналуы тиіс алқаптың 99,8 %-ы. 3,1 млн тонна бидай бастырылды, әр гектардан орта есеппен 10,6 центнерден өнім алынды», - дейді басқарманың бас маманы Нарғыз Ақжігітова.

Ал м айлы дақылдардың жартысына жуығы жиналды.

«Майлы дақылдар 520,3 мың га алқаптан жиналды, бұл 54,3 %-ы. Әр гектардан 6 центнерден өнім алынып жатыр. Аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел ақпараты бойынша 303,4 мың тонна картоп жиналды, гектар берекелілігі – 133,4 центнер, 55,7 мың тонна көкөніс алынды, әр гектардан 133,4 центнерден алынды», - дейді Нарғыз Ақжігітова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT