СҚО-да 29 мыңнан астам адамның несие бойынша қарызы кешірілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – СҚО-да 29 мың 232 мың адамның екінші деңгейлі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы қарызы кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ұлттық банк» РММ СҚОФ мәліметінше, солтүстікқазақстандықтардың кепілсіз тұтынушылық несие бойынша берешектерінің 652,7 млн теңгесі өтелді. Бұл - республика бойынша көрсеткіштің 1,9%-і.

«Барлық тұрғындардың екінші деңгейлі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы 1 маусымдағы жағдай бойынша 300 мың теңгеге дейінгі айыппұлдары мен өсімпұлдары кешірілді. Бірінші кезекте проценттік мөлшерлемесі жоғары несиелер бойынша қарыздар өтелді», - дейді «ҚР Ұлттық банк» РММ СҚОФ директоры Диас Мэлс.


Тұтынушылық несиелер бойынша өңірде жұмыстар әлі аяқталған жоқ. 6 санатқа кіретіндердің: көп балалы отбасылардың, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындардың, мүгедек балалары бар отбасылардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың, жетім балалардың қарыз жүктемесі азайтылады.

СҚО бойынша 500 мыңнан астам адам анықталып тізімге енді. Олардың шамамен 100 млрд астам теңге борышы есептен шығарылады.

«Тұрғындардың сұрағы бар, қарызымыз кешірілген жоқ деп арызданып жатыр. Тізімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және Әділет министрліктері жасайды. Тізімге енген-енбегеніңізді eGov.kz сайтынан тексересіз. Кірмей қалған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталығына тез арада құжаттарды тапсыру қажет. Әзірше уақыт бар», - дейді Диас Мэлс.


Соңғы жаңалықтар