СҚО-да 29 адам құтырмаға қарсы екпе алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 29 адам құтырма ауруына қарсы вакцина алды. Ауру малды баққан ауыл тұрғындары қазір медицина қызметкерлерінің бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да құтырманың 6 ошағы тіркелген. Қауіпті ауру ірі қара малда анықталды. Мамандардың айтуынша, үй жануарларын ауылға кіріп кеткен түлкілер қабуы мүмкін.

Сілекей арқылы берілетін инфекция адамдарға да қауіпті. Егер дер кезінде емдеу шаралары қолға алынбаса, адам сал ауруына ұшырап, тынысы тарылып, қайтыс болады.

Қазір ауру малды баққан, байланыста болған 6 ауданның 29 тұрғынына құтырмаға қарсы екпе егілді. Олар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған.

СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазановтың айтуынша, құтырма ауру табылған ошқтарда шектеу шаралары енгізілген. Ол барлық тиісті шаралар жүргізілгеннен соң ғана алынады. Қазір үй жануарларына вакцина егіліп жатыр. Осы күнге дейін құтырмаға қарсы 20 мың басқа екпе қойылды.
Соңғы жаңалықтар