СҚО-да 26 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында осы күнге дейін 26 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті, сондай-ақ 6 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде 996 адамға ПТР-тест жасалды, 41 адамда коронавирус расталды. Ауырғандардың 95 %-ында ауру белгілері болған. Жалпы бүгінге дейін СҚО-да 34 515 адамда КВИ анықталды.

Өңірде ақпан айынан бері вакцинаның 361 265 дана бірінші компоненті, 360 265 екінші компоненті жеткізілді. 11 қарашадан Pfizer-BioNTech Comirnaty препаратының 52 650 әкелінген. Яғни, вакцина жеткілікті.

25 859 адам ревакцинациядан өтті. Pfizer вакцинасын 5801 адам алса, соның 4 494-і – жасөспірім, 1157-сі емізулі баласы бар ана, 150-і – жүкті әйел.


Соңғы жаңалықтар