USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да 26 меморган сатып алу бағасын 300 млн теңгеге негізсіз көтеріп жіберген

2021 жылғы 20 қазан 19:56
Бөлісіңіз:
СҚО-да 26 меморган сатып алу бағасын 300 млн теңгеге негізсіз көтеріп жіберген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен 300 млн теңгеге жуық мемлекет қаржысы үнемделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Квазимемлекеттік сектордағы компаниядан 450 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы форум өтті Қызылордада мемлекетке 150 млн астам теңгеге залал келтіргендер сотталды

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, агенттік қызметіндегі басым бағыттардың бірі - квазимемлекеттік және корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер осындай жұмыстың құралы ретінде айқындалды.

«Облыс аумағында комплаенс-қызмет институты тарату және банкроттық рәсімдерден өтіп жатқан компанияларды есепке алмағанда, квазимемлекеттік сектордың барлық 190 субъектісін қамтыды. Олармен комплаенс-офицерлер өз араларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша апта сайын кездесулер ұйымдастырды», - дейді Нұрлан Жахин.

Бюджетті жоспарлау кезеңінде оның орынсыз жұмсалу фактілеріне жол бермеу мақсатында кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық орнатылған.

«Осылайша, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталына жасалған мониторинг қорытындысы бойынша жоспарланған сатып алу бағаларын көтерудің 31 фактісі анықталды. Олар бойынша 26 мемлекеттік орган бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдады. Нәтижесінде сатып алу бағасын 292,8 млн теңгеге төмендету мүмкін болды», - дейді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT