+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

СҚО-да 23 жастағы жігіт күйіктен қаза болды

2020 жылғы 21 қараша 22:25
Бөлісіңіз:
СҚО-да 23 жастағы жігіт күйіктен қаза болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түсініксіз жағдайда күйік алған 23 жастағы жігіттің өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Ұлттық табиғи парк директорына 23 млн теңге айыппұл салынды Президент Петропавлдағы колледжді мерейтойымен құттықтады Петропавлда биыл тәрбиесі қиын 69 жасөспірім тіркеуге алынды

Оқиға 19 қараша күні СҚО-дағы Бескөл ауылында болған. Петропавлдың 23 жастағы тұрғыны төрт досымен жеке тұрғын үйлердің бірінде сауық құрған.

Жолдастарының айтуынша, сол күні таңертең ол от жағатын үйге темекі шегуге шығады. Біраз уақыттан кейін ол жерден жанған күйі атып шыққан. Достары оны сөндіріп алып, бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Ал от жағатын үйден еріткіш заты бар жанып жатқан канистрді тапқан.

Зардап шеккен жігіт аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ол сол күні кешке жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша енгізілді.

«Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Істің мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT