USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр

2021 жылғы 8 сәуір 17:37
Бөлісіңіз:
СҚО-да 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен волонтерлер бес күн бұрын үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған бойжеткенді таба алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Волонтерлердің мәліметі бойынша, Петропавл тұрғыны Елизавета Алимовна Матюхина 22 жаста. 3 сәуір күні сағат 12.00 шамасында тұрғылықты жері - Уәлиханов көшесі, 17 үйден шығып кеткен. Қайда кеткенін ешкімге айтпаған.

Бойжеткеннің бойы 165-167 см шамасында, арықша келген, қой көзді, сарғылт шашты. Алдыңғы екі тісі алға шығыңқырап тұрады.

Сол күні үстінде капюшоны бар қара күртеше, қара-көк шалбар және аяғына галош киген.

Жоғалған адам жайында қандай да бір мәлімет болған жағдайда 8 777 608 88 49, 8 701 375 92 91, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT