СҚО-да 2015 жылы тұрғын үй құрылысына 5 млрд. астам теңге бөлінді (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері тұрғын үй құрылысына 5 млрд. астам теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық статистика департаментінен хабарлады.

«Ағымдағы жылы облыстағы тұрғын үй құрылысына құйылатын инвестициялар көлемі өскен. 2015 жылдың қаңтар-қазан айларында тұрғын үй құрылысына 5 044,6 млн. теңге жіберілген. Жалпы ауданы 73 174 шаршы метрді құрайтын 589 пәтер пайдалануға берілді. Бұл 2014 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 113 пайызды құрап отыр. Тұрғын үйдің айтарлықтай үлесі (74,5 пайыз) тұрғындар қаражаты есебінен енгізілді», - делінген хабарламада.

Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы бойынша республикалық қаражат есебінен жалпы ауданы 16 мың шаршы метрден асатын 190 пәтер пайдалануға берілген.

Ауылдық жерде 10 айдың ішінде жалпы ауданы 29 мың шаршы метрден асқан тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Облыс бойынша тұрғын үйлердің 1 шаршы метрін салу құны 52,4 мың теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар