USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

2021 жылғы 4 желтоқсан 06:47
Бөлісіңіз:
СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 3 мыңға жуық адам салдырды, екпе алғандардың ішінде жасөспірімдердің үлесі басым, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ажар Ғиният Атыраудағы Теңіз кен орнында санитарлық талаптарды күшейтуді тапсырды Қызылордада 418 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Қазақстанда мобильді бригадалар қалай жұмыс істеп жатыр

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 2718 адам Pfizer вакцинасын алды. Олардың 2062-сі – жасөспірім, 582-сі – бала емізетін ана болса, 74-і – жүкті әйел.

Петропавл қалалық №2 емханада Pfizer вакцинасын қоюға арнайы екпе кабинеті ашылған. 15 қарашадан бастап бұл жерде 184 бала, 3 жүкті әйел мен 32 ана екпе алды. Бүгін мұнда Петропавлдың 14 жастағы тұрғыны Томирис анасы Күлімкөз Смаиловамен келді.

«Мемлекет тарапынан қазір өте қымбат тұратын, бірқатар тексерістен өткен Pfizer вакцинасы біздің балаларымызға тегін қойылып жатыр. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, балаларымызда қауіпті вирустан сақтауға барынша жағдай жасауымыз қажет. Өйткені олар қазір мектепте оқиды, қоғамдық жерлерге бармай тұрмайды. Қауіп-қатер өте көп. Сондықтан да балаларымызды қорғауымыз керек», - дейді Күлімкөз Смаилова.

Бұған дейін СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың азайғанын айтқан едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT