СҚО-да 2 мыңнан астам нысан жұмысын жандандырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Infokazakhstan.kz платформасына 3 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны тіркелсе, соның 2 мыңнан астамы жұмысын бастауға рұқсат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 993 бизнес-субъектісі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінен өткеннен кейін ғана іске кіріспек. Олар: сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, сұлулық салондары мен шаштараздар, балаларға арналған білім беру мекемелері мен тағы басқалары.

Еліміздік Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысымен карантиннен кейін іске кірісу үшін www.infokazakhstan.kz порталында тіркелу қажет. Бұл міндетті шарт орындалмаған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін.

«Бүгінгі күнге Infokazakhstan.kz платформасында 3 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны тіркелді. Оның екі мыңнан астамы рұқсат алса, қалғаны СЭС пен мониторингілік топтың тексерісінен өтуі қажет. Өздеріңіз байқағандай, кәсіпкерлік нысандарының кейбірі тексеріссіз жұмысын жандандырады. Бас санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес бизнестің 90% хабарландыру тәртібімен іске кіріседі. Оларға мониторингілік топтың келуін күтудің қажеті жоқ», - дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Мониторингілік топтар кәсіпкерлік қызметтің бес түрін тексеріп барып қана жұмыстарын жандандыруға рұқсат береді. Олардың қатарында сауда үйлері, базарлар, балалардың сауықтыру лагерлері, боулинг және бильярд залдары бар.

«Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де мониторингілік топтың құрамына енген. Нысандар ашылмас бұрын аралап, олардың дайындығын тексереміз, олқылықтар болса жоюға кеңес береміз. Бас санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес кәсіпкерлер ғимараттарын кварцтау керек. Қаулы жұма күні шықты. Демалыс күндері кварцтау құралын сатып алу мүмкін болмады. Сол себепті біз бұл бұйымды сатумен айналысатын кәсіпкерлердің тізімін жасап, тараттық. Талап бойынша бұдан басқа антисептиктердің, тұрмыстық химияның қоры және жеке қорғаныш заттары – маскалар мен қолғаптар болуы қажет. Әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етулері қажет. Кәсіпкерлерді бұл талаптарды бұлжытпай орындауға шақырамын», - дейді Жеңіс Қазиев.


Соңғы жаңалықтар