+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

СҚО-да 2 млрд теңгенің фанер зауыты іске қосылды

2021 жылғы 7 қаңтар 00:16
Бөлісіңіз:
СҚО-да 2 млрд теңгенің фанер зауыты іске қосылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында түрік инвесторларының қаржыландыруымен ағаш шере шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, фанер өндіру комбинатын ашуға 2 млрд теңге инвестиция құйылды. Түріктердің қатысуымен іске қосылған жаңа кәсіпорында 150 адам еңбек етеді.

Зауыт жылына 18 мың текше метр дайын өнім шығармақ. Кейін оны 27 мыңға дейін арттырады. Өнімнің жартысы Түркия, Еуропа мен Өзбекстанға жөнелтіледі. Қазір елімізге 90 мың текше метр фанер сырттан әкелінеді. Солтүстікқазақстандық комбинат бұл көлемнің 30% жабатын болады.


«Аймаққа отандық инвесторлардан басқа шетелдік капитал да тартылып жатыр. Шетелдік инвесторлардың облысқа келуі оларға бизнесті дамыту үшін мұнда қолайлы жағдай жасалғанын көрсетеді. 11 айда сыртқы инвестиция көлемі 36%-ке өсті. Жалпы алғанда, өңірге 226 млрд астам теңге тартылды. Өсім 20%. Жалпы СҚО-да құны 900 млрд теңгеден асатын 53 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды. Оларды жүзеге асыру арқылы жаңадан 7 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтимыз», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.


Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің көмегімен пандемияға қарамастан қажетті қондырғылар және оны құруға қажетті мамандар дер кезінде жеткізілді. Ал, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы инвесторға инвестициялық келісімшартқа отыруға және қымбат қондырғыны шекарадан кедендік салықсыз өткізуге көмектесті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT