СҚО-да 18 жастағы жігітті көлігімен қағып өлтірген жүргізуші іздестірілуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 18 жастағы жігітті көлігімен қағып, мерт қылған жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 маусым күні түнгі сағат бір шамасында болған. М.Жұмабаев ауданы Полудино елді мекенінің маңында 2002 жылы туған жігітті көлік қағып кетіп, жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Ер бала алған жарақатынан аудандық орталық ауруханада көз жұмды.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаға куә болғандар іздестіріліп жатыр. Жазбаға қарағанда жігіт екі сағат жол жиегінде жатып қалған. Оны өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі байқаған.

«Бұл дерек «Көлік құралын басқарған тұлғаның жол қозғалысы ережесін бұзуынан абайсызда адам өліміне әкелу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында бірнеше сараптама тағайындалды. Бұл қылмысты ашуға байланысты жұмыстар ерекше бақылауға алынды. Қазіргі уақытта жол апатына кінәлі жүргізушіні анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар