СҚО-да 18 ауылға таза су берілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 11 мың тұрғыны бар 18 ауылға таза су берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін 18 ауылға су берілгенін хабарлады.

«Бүгін Жамбыл, Есіл және Мамлют аудандарында 11 мың тұрғыны бар 18 ауылға су келді. Преснов топтық су құбырының екінші кезеңі іске қосылды.

8 елді мекенге су тарату желілерін жүргіздік.

Енді келесі кезең - Преснов топтық су жүйесінің 1-ші кезеңін пайдалануға беру. Оған 15 ауыл қосылады, онда 20 мың адам тұрады. Бұл жоба 2 кезеңге бөлінген: біріншісі бойынша жыл соңына дейін 7 ауыл қосылады. Екінші кезеңде қалған ауылдарға 2022 жылдың аяғына дейін тартылады», - делінген жазбада.

Өңір басшысының айтуынша, биыл облысты сумен жабдықтауға қаражат екі есе көп бөлініп, 11,4 млрд теңгеге жетті.

«Биыл 49 ауыл таза сумен қамтылмақ. 3 мыңнан астам үйге су тартылады. Жыл соңына дейін біз ауыл тұрғындарының 83,5 %-ын сапалы сумен қамтамасыз етеміз. Кешенді жоспардың арқасында 2025 жылға дейін 78 ауыл су желісіне қосылып, ауыл тұрғындары 100 % сумен қамтамасыз етіледі», - деп атап өткен Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар