СҚО-да 1700 орындық 4 студенттік жатақхана салынады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да 1700 орындық 4 жатақхана салынады деп жоспарланған. Олардың біреуі жақында пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде жатақханаларда студенттерге орын жетіспеушілік мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Петропавлда инвестор Денис Бернат 1700 орынға шақталған 4 жатақхана салуды жоспарласа, 280 орындық алғашқысы қолданысқа берілді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа жатақханада болып, студенттермен тілдесті.

Қазір Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-де 7 мың студент білім алуда, басқа қалалардан келген оның жартысына жуығы жатақхананы қажет етеді. Осы күнге дейін 1776 студент баспанамен қамтылған жоқ. Орын жетіспеушілік мәселесі жаңа жатақханаларды салу арқылы шешілуде.

«Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында біз университет басшылығымен бұл мәселені жүйелі түрде шешіп жатырмыз. Инвесторлар тартылды. Олар 280 орындық жатақхананы қайта қалпына келтірді. Жаңа оқу жылында 330 орындық тағы бір жатақхана ашылады. Сөйтіп, тек бір жылдың ішінде 610 студент баспанамен қамтылады. Яғни, орын жетіспеушілік 34 пайызға қысқарып, 1116 орынды құрамақ. Мәселені толық шешу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз», - деді Құмар Ақсақалов.

Жаңа оқу жылында СҚМУ-де 8 мың студент оқитын болады. Өңір басшысы «тиісінше орындар да көбею керек» дейді.

null

Соңғы жаңалықтар