СҚО-да 17 мың бала штаттық режимде оқытылады - Ғани Нығыметов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов AntikorLive бағдарламасының эфирінде Солтүстік Қазақстан облысының жаңа оқу жылына дайындығы қалай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жаңа оқу жылы әдеттегідей басталмайды. Облыста 477 мектеп бар, шағын мектептер бар. Бұл мектептерде 17 мың бала штаттық режимде барлық санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес оқытылады. Егер жағдай нашарласа, біз оларды қашықтағы форматқа көшіреміз. Алайда, облыста 70 мыңнан астам оқушы бар екенін және осы шағын мектептерде 17 мың бала оқитындығын ескерсек, оқушылардың біраз бөлігі қашықтан оқиды, сондықтан оларды компьютерлермен, интернетпен қамтамасыз ету қажет», - дейді СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығметов.

Оның айтуынша, қазір компьютерлер сатып алынуда, Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлінді. 25 тамызда 2000 компьютер сатып алынады.

«Интернет жоқ ауылдарда біз бұл мәселені жыл соңына дейін шешеміз. Дегенмен, 20-дан астам елді мекен интернет желісімен қамтылмайды, сондықтан олар әдеттегідей штаттық режимде жұмыс істейді. Біз балалар мектепке келе алулары үшін көлікпен қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар