USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

СҚО-да 1600-ге жуық адам Pfizer вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 қараша 15:30
Бөлісіңіз:
СҚО-да 1600-ге жуық адам Pfizer вакцинасымен егілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 1600-ге жуық адам Pfizer вакцинасын қойдырды, тағы мыңға жуық тұрғын ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эпидахуалдың нашарлауы қаңтар оқиғаларымен еш байланысты емес - Ералы Тоғжанов Ералы Тоғжанов шетелде оқитын студенттерді вакциналау мәселесін айтты Sputnik-V не себепті ревакциналауға қолданылмайды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мамандар СҚО-да вакцинация науқанының өту барысы жайында ақпарат берді.

«Облыста вакцина жеткілікті. Препараттың 340 мың доза бірінші компоненті, 339 мың доза екінші компоненті жеткізілді. Қазіргі уақытта бірінші компонентпен 260 226 адам егілді, толық курстан 243 144 адам өтті. Осылайша жоспар 65,6 % орындалды.

Бұдан басқа облыста 17 қарашадан бастап жасөспірімдер, жүкті және емізулі баласы бар әйелдер вакцина алып жатыр. 1576 адам бүгінге дейін қойғызды. Оның ішінде 1149 жасөспірім, 371 бала емізетін және 47 жүкті әйел. Олардың ешқайсысы вакцина қойдырғаннан кейін денсаулығына шағым түсірген жоқ», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов.

Облыста Pfizer вакцинасы жеткілікті, 35 мың дозасы бар.

«Балалар ауырады, бірақ, көбіне жеңіл, белгілерісіз өтеді. Бірақ қатты ауырғандар да бар. Қазіргі уақытта жаңа туған бір сәбиіміз бар, онда ПТР-тест оң болып келді. Өкпесі қабынған, жағдайы ауыр. Бұдан басқа стационарда 8 бала ем алып жатыр, жағдайлары орташа.

655 жүкті әйел инфекциялық стационарларға жатып шықты. Олардың 203-інде пневмония болды. 51-іне өкпені жасанды желдету аппаратын қосуға тура келді, яғни өмір мен өлім арасында жатты. Біреуі, өкінішке орай, қайтыс болды. Тағы бір 90 % өкпесі қабынған әйелді аман алып қалдық.

Сондықтан ата-аналарды балаларына және жүкті, бала емізетін әйелдерді вакцина қойдыруға шақырамын. Ал вакцина алғысы келмегендер өздеріне ғана жауап берсін, оларға ешкім күшпен екпе қоймайды. Мұндайлар жалған ақпарат таратып, басқаларды шатастырмаса екен», - дейді Нұрлан Айманов.

СҚО-да 978 адам ревакцинациядан өтсе, 90 мың адам тұмауға қарсы екпе алды. Бұл барлық тұрғындардың 16,6 %. Мамандардың айтуынша, бұл жақсы көрсеткіш. Алайда, сақтық шараларын ұстану қажет.

«Облыста жедел респираторлық-вирустық инфекцияны жұқтырушылар өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе өскен. Республиканың басқа аймақтарында тұмаудың 94 жағдайы анықталды. Сондықан масканы дұрыс киюді ұмытпаңыздар, қарапайым ережелерді сақтаңыздар, бұқаралық іс-шараларға бармаңыздар және ұйымдастырмаңыздар, әлеуметтік қашықтықты сақтап, әлеуметтік байланыстар санын азайтыңыздар», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT