СҚО-да 16 телефонды көлікке жасырып, түрмеге кіргізбек болғандар ұсталды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел бөлім қызметкерлері №51 мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізбек болған көлікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамыр күні жедел ақпарат түсіп, №51 мекеменің аумағына тыйым салынған заттар кіргізілетіні хабарланған. Осы мекеменің жедел бөлімі дереу іске кірісіп, аумаққа кіретін Mercedes-Benz маркалы жеңіл автокөлікті тексерген. Нәтижесінде машинадан 16 ұялы телефон, оның 9-ы интернетке қосылған, 2 wi-fi роутері, 5 қуаттағыш, 4 жұп құлаққап, 1 флэш-карта және 11 SIM - карта табылып, тәркіленді. Тыйым салынған бұл заттар 5 полиэтилен орамаға оралып, көліктің алдыңғы панелінің ішкі жағына және артқы оң жақ есіктің қаптамасына жасырылған екен.

«Мекеме аумағында жеке кәсіпкердің техникалық қызмет көрсету орталығы орналасқан. Автокөлік осы орталықта жөнделуі тиіс болған. Автомобиль жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру» 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды жеткізу арнасын ұйымдастырған адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар