СҚО-да 15 жыл бұрынғы қылмыс әшкереленді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстікқазақстандық полицейлер 15 жыл бұрын адам өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қылмыскерлерді ұстау үшін тәртіп сақшылары Ресейге іссапарға барған.

«Көптеген қылмыстар секілді оқиға бірлесіп спирттік ішімдік ішкеннен кейін болған. Қылмыстың мән-жайы да, күдіктінің мекенжайы да анықталған», - деді баспасөз қызметі.

6 айдың ішінде облыс бойынша 78 қылмыскерге іздеу салынса, соның ішінде 43-і ұсталған.

«Барлық қылмыстың әшкереленуі 73,3% құрап отыр. Қылмыс құрылымында ұрлық жасау көп орын алады. Қазіргі таңда департамент бөлімдері 2019-2020 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Оның аясында жедел-тергеу жұмыстары жетілдіріліп, бизнес-нысандардың қауіпсіздігін нығайтуда. Тұрғындар арасында кеңейтілген ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Оразалин.


Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар