СҚО-да 15 мың га алқапқа соя егіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында биыл 15 гектар аймаққа соя егу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңір әкімдігінің мәжілісінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.

Оның сөзінше, аймақта жыл сайын егістік аумағы кеңейтіле бермек.

«Маған соя егуге арналған техника сатып алынғаны туралы мәлімет жетті. Келесі жылы соя егілетін алқапты 150 гектарға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұршақтұқымдас дақылдар топырақтың құнарын арттырады. Кейбір адамдар соядан соң жер күйіп кеткен тәрізді болады деп жатады. Ол ауыл шаруашылығы саласынан хабары аз адамдардың ойы. Ал шын мәнінде керісінше, соядан соң астық жайқалып тұрып өседі. Тіпті әдеттегіден еке есе көп өнім аламыз десек болады. Соя болашағы зор дақыл. Сол себепті біз оның егіс көлемін алдағы уақытта тек ұлғайтатын боламыз»,-деді Құмар Ақсақалов.

Аймақта егіс науқаны 15 мамырда басталды.

Егіс алқабы 4,2 млн гектарды құрап отыр. Оның 1 млн гектарын майлы дақылдар құрайды. Әкімдіктің мәжілісінде Қ.Ақсақалов өнім көлемін жаңа технологиялар есебінен арттыру қажеттігін айтты.


Авторы: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар