СҚО-да 140 жасөспірім ел чемпиондарымен жаттығу жасады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары ел чемпиондары мен жасөспірімдердің бірлескен жаттығуын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Петропавл қаласы оқу орындарының 140 жасөспірімі облыс пен ел намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген үш чемпионмен жаттықты. Олар: жазғы Азия ойындарының чемпионы, жеңіл атлетика бойынша екі рет Олимпиадаға қатысқан Маргарита Мұқашева, Алматыда өткен Қысқы Азиаданың спорттық бағдарлаудан чемпионы Аслан Тоқбаев және тай боксынан Қазақстанның чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Иван Вай-Хон-Тун. Спорт жұлдыздары балаларға жеткен жетістіктері, жеңіс жолында кездескен қиындықтар мен алға қойған мақсатқа жетудегі пайдалы кеңестерімен бөлісті.

«Маған алғашқы жарыстардағы жеңісім үшін спорт журналисі Несіп Жүнісбаевтің «Олимпийский путь» атты кітабын сыйға тартты. Үш томдық шығарма маған болашаққа жол көрсетті. Қайтсем де Олимпиадаға қатысамын деген арманымды оятты. Мен спортқа не үшін келгенімді түсіндім», - дейді Маргарита Мұқашева.
null

Спортшылар жасөспірімдерге бірқатар жаттығуларды көрсетті. Сондай-ақ балалар өзін-өзі қорғаудың негізгі тәсілдерін үйренді.

«Биылғы жыл елімізде Жастар жылы болып бекітілді. Облыстық Полиция департаментінде сондай-ақ, есірткіге қарсы күрес жылы. Чемпиондармен жаттығу жасау арқылы жастар бойында есірткіге қарсы иммунитет қалыптасады деп ойлаймын. Көрнекті іс-шара 26 маусым күні атап өтілетін Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырылды», - СҚО ПД басшысы Марат Төлебаев.

Акция соңында чемпиондарға департаменттің алғыс хаттары табыс етілді, ал белсенді балаларға «Спорт есірткіге қарсы!» деген жазуы бар футболкалар сыйға берілді.
null

null

Соңғы жаңалықтар