+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да 14 мыңнан астам бала мектепке барып оқиды

2020 жылғы 15 шілде 20:31
Бөлісіңіз:
СҚО-да 14 мыңнан астам бала мектепке барып оқиды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстанда жаңа оқу жылының жаңашылдықтары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 14 мыңнан астам бала әдеттегідей мектепке барып оқиды. Бұл негізінен шағын комплектілі мектептердің оқушылары. Өңірде осындай 287 білім ордасы бар. Олардың басым бөлігі шалғай ауылдарда орналасқан.

«Төртінші тоқсанның тәжірибесіне сүйене отырып, шалғай ауылдардағы мектептердің жұмысын шектемеуді шештік. Мұнда сабақтар дәстүрлі түрде өтеді. Олар негізінен бастауыш және негізгі мектептер. Сыныптардағы бала саны 3 пен 20 аралығында ғана. Оқушылар да, ұстаздар да мектепке жаяу барады, сырттан келетіндер жоқ, яғни эпидемиологиялық жағдай жақсы», - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте.

Қазір өңірде жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Қашықтан оқыту барысында кездескен қиындықтар қайталанбауы үшін бірқатар мәселелер шешілуде. Соның бірі – компьютерлік техниканың жетіспеушілігі.

«Оқыту процесінде компьютердің алар орны зор екендігін уақыт көрсетті. Оқушыларымыз жаңа форматта оқу барысында ІТ мүмкіндіктерін ашып, жетілдіріп, өздігінен қажетті ақпарат таба алатындықтарын көрсетті. Сол себепті бірінші кезекте компьютерлік техникаға мониторинг жүргіздік. Төртінші тоқсандағыдай компьютерлерді қолға жауапкершілікпен пайдалануға береміз. Қазірдің өзінде 580 компьютер сатып алынды», - деді басқарма басшысы.

1 қыркүйекке дейін үнемдеу есебінен тағы бір мыңға жуық техника алынбақ. Оған 200 млн жуық теңге жұмсалмақшы. Бұл компьютерлер бірінші кезекте мүгедек баласы бар және көп балалы аз қамтылған отбасыларға таратылмақ.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT