СҚО-да 129 мыңнан астам адам медициналық көмек ала алмайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында медициналық сақтандырылмаған тұрғындардың саны артқан, 129 мыңнан астам адам жоспарлы, стационарлық және емханаларда консультациялық-диагностикалық көмек ала алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевтің төрағалығымен облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру бойынша кезекті өңірлік штаб отырысы өтті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директоры Лариса Гордееваның айтуынша, өңірде халық саны 541 845 болса, оның 52 %-ы - 282 842 адам жеңілдікті санаттарына жатқызылған, олар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыруға міндетті жарналарды мемлекет төлейді.

2021 жылғы мамырдан бастап облыста сақтандырылмаған халықтың саны 27 323 адамға ұлғайды. Осылайша олардың үлесі 129 395 адамға жетіп отыр, бұл емханаларға тіркелген халықтың 22,3 %-ы.

«Сақтандырылмаған азаматтар жоспарлы, стационарлық, сондай-ақ емханаларда консультациялық-диагностикалық көмек ала алмайды, КТ, МРТ, УДЗ секілді қымбат тұратын зерттеулерден өтіп, талдаулар тапсыра алмайды, қалпына келтіру оңалтудан өте алмайды», - дейді Лариса Гордеева.

Олардың сақтандырылмауының бір себебі - жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша берешегінің болуы. Ресми мәліметтер бойынша СҚО-да 397 субъекті 22,2 млн теңге берешек.



Соңғы жаңалықтар