СҚО-да 1200 полицей ардагерлермен бірге қайырымдылық сенбілігіне қатысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда бүгін алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Оған еңбек ұжымдары мен қала тұрғындары, оқу орындарының оқушылары мен студенттер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылық сенбілігінен солтүстікқазақстандық полицейлер де шет қалған жоқ. СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолдарына құрал-саймандарын алып, әкімшілік ғимараттардың маңайларын тазалады.

Жедел уәкілдермен, тергеушілермен және әкімшілік полиция инспекторларымен бірге Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев бастаған 30-дан астам ақсақал да маңайды абаттандыруға атсалысты. Олар жиектастарды әктеп, өткен жылдан түскен жапырақтарды жинап, туған ведомстволарының маңын әп-сәтте ретке келтірді.
null

Облыстық полиция департаментінің басшылығы да сенбілікке шықты. Полиция генарал-майоры Берік Біләлов кезекті рет қолына шаруашылық құралдарын алып, жеке құрамға үлгі көрсетті. Ол қызметкерлермен бірге Естелік аллеясын жинастыруға қатысты.

Бірнеше сағат ішінде полицияның алты әкімшілік ғимаратының - облыстық Департаменттің корпустарының, қалалық Басқарманың, бірінші және екінші полиция бөлімдерінің маңайы тазартылды.
null

Қалалық полицейлерді аудандық полиция бөлімдеріндегі әріптестері де қолдады. Жылдағы дәстүрге сай қызметкерлердің бір күндік жалақысы СҚО ПД Ардагерлер кеңесінің қорына аударылады.

Полиция қызметкерлері абаттандыру бойынша іс-шараларға белсенді қатысып, әкімшілік ғимараттарды тазалықта ұстап, тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда тұрғындарға үлгі болулары тиіс.

null

Соңғы жаңалықтар