СҚО-да 12 жабық сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 12 сайлау учаскесінде дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде 12 жабық сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Олар емдеу мекемелерінде, әскери бөлімдерде және қылмыстық атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында орналасқан.

«Петропавлдағы 7 емдеу мекемесінде, тағы біреуі - Жамбыл аудандық ауруханасында, үшеуі әскери бөлімде және біреуі ЕС-164/1 мекемесінде орналасқан. Жабық сайлау учаскелерінде сайлаушылар саны аз болғандықтан, тізімдегі ең соңғы дауыс беруші келіп-кетісімен сағат 20.00 күтпей жабылады», - дейді СҚО сайлау комиссиясының мүшелері.

СҚО бойынша ҚАЖД тергеу изоляторында, яғни ЕС-164/1 мекемесінде № 656 жабық сайлау учаскесі құрылды. Бұл жерде 154 адам сағат 10.00-ге дейін өз таңдауын жасады.

«Дауыс беруге үкімдері заңды күшіне енбеген күдіктілер, айыпталушылар және сотталғандар қатысады. Олардың барлығы алдын ала ескертілді. Сайлау учаскесінде санитарлық талаптар қатаң сақталады. Сайлау комиссиясының барлық мүшелері алдын ала ПТР тестілеуден өтті. Дауыс берушілер міндетті түрде маска мен қолғап киеді, дауыс беруге арналған орын жиі-жиі дезинфекцияланып, әлеуметтік ара қашықтық сақталады», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар