СҚО-да 102 қызметіне тәулігіне 350 рет қоңырау шалынады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Cолтүстік Қазақстан облысында 102 нөмірінің кезекшілік ауысымы күн сайын 350-ге жуық қоңырау қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 102 пультына 127 мыңнан астам мәрте қоңырау шалынды. 17 мың оқиға бойынша адамдар тез арада полицияның араласуын талап еткен қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарлаған. Келіп түскен хабарламалардың арқасында 2,5 мыңнан астам қылмыс ізі суымай ашылды.

Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

«Кезекшілікке түсетін офицерлер басшылықты полицияның кешенді күшімен жүзеге асырып, жасалған қылмыстар немесе із-түзсіз жоғалған адамдар бойынша тұспалдау құрастырады. Олар жедел тергеу тобының оқиға орнына уақытылы келуін бақылайды. Патрульдердің қызмет жүргізуі GPS технологиясы арқылы қадағаланады», - деп баяндады жедел жоспарлау басқармасының бастығы Бақытжан Әлбеков.

Бейнебақылау операторлары да қызметін осындай режимде атқаруда. Олар бір жылдың ішінде 17 мыңнан астам құқық бұзушылықты, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға септігін тигізетін жүздеген фактілерді анықтаған. Сипаттау бойынша күдіктілерге ұқсас тұлғаларды бейнежүйе арқылы іздеу ұрлық, көлік ұрлықтары, дене жарақаты қылмыстарын ашуға көмектеседі.

Б.Әлбековтің айтуынша, жыл ішінде Петропавл полиция құрамының жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Кризистік жағдай орын алған кезде іс-әрекеттер дағдылары оқу-жаттығу сабақтары барысында үйретілді.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар