СҚО-да 1,5 мың дәрігер мен 5 мың медбикенің жалақысы өседі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің медицина қызметкерлері мен ұстаздарының еңбекақысы Жаңа жылдан бастап қаншаға артатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да биыл еңбекақы мөлшері орта есеппен 16,1% артқан. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы бойынша өз пікірін білдірді.

«Еңбек өтілі 5-6 жыл болатын дәрігердің орташа еңбекақысы биыл 182 мың теңгені құрады. Маусым айында орташа 30% артып, қазір 234 мың теңге шамасында алып жүр. Ал жаңа жылда міндетті әлеуметтік медициналық сақтаныру жүйесінің енгізілуіне байланысты медицина мамандарының еңбекақысы тағы 30% артпақ. Осылайша орта есеппен 260-280 мың теңгеге жетпек», - дейді Құмар Ақсақалов.

Жаңа жылда облыстың 1,5 мың дәрігері мен 5 мыңнан астам медбикесінің еңбекақысы артпақ.

«Медбике 100 мың теңге шамасында алып келді. Маусым айынан бастап жалақы 130 мың теңге болды. Ал келер жылы орта есеппен 20% артып, 140-150 мың теңгені құрамақ», - деді облыс басшысы.

Ұстаздардың еңбекақысы 25% артпақ.

«Бірінші санатты ұстаздың еңбекақысы қазір 157 мың теңге. Қалада бір мөлшерлемемен жұмыс істейтін мұғалім қазір осынша алады. Ал ауылдық жерлерде қазір ұстаздардың еңбекақысы - 197 мың теңге. Жаңа жылда еңбекақылары 25% артқаннан кейін 227 мың теңгеге жетпек», - деді Құмар Ақсақалов.



Соңғы жаңалықтар