СҚО-да 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты 0-4 сынып оқушылары үшін мектепте сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да 112 қызметі -26 градусқа байланысты 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайтындығы жөнінде хабарлама таратты.

Өңірде үшінші күн қатарынан қатты аяз. Кеше ауа температурасы -30-ға дейін төмендеді.

Ал 23-24 ақпанға облыста дауылды ескерту жарияланған. 112 қызметінің хабарлауынша, желдің екпіні 30 метр секундына дейін жетпек.


Соңғы жаңалықтар