СҚО биыл 2,6 мың қоныс аударушыны қабылдауға әзір

Фото:
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда 9 120 адам қоныс аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының мәліметінше, б ағдарлама жабылғанымен, көші-қон ұлттық жоба аясында жүзеге асады . Өңір 2,6 мың адамды қабылдауға әзір .

2017 жылдан бері облыстың 225 елді мекеніне Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау обл ыстарынан және Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларынан 2700 отбасы көшіп келді. 9 120 адамның 4 мыңға жуығы еңбекке жарамды, 220-сы зейнеткер, 276-сы студент және қалғаны бала лар . Оларға «Еңбек» абғдарламасы аясында жалпы сомасы 1,9 млрд теңге субсидия берілген. Ж ұмыспен қамтылды, баспана , жер ұсынылды , өз кәсібін ашуға 92 млн теңге шағын несие және 156 млн теңгеге жуық грант берілді. Алайда, қоныстанушылардың кейбірі жаңа мекенге үйрене алмады, салдарынан 600-г е жуық адам кері қайтты.

«Азаматтарды көшіру ісі биыл да жалғасады. Бұл жұмыс «Қуатты өңірлер - елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асады. Бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2 685 адамды қоныстандыру бойынша келісіміміз бар. Бұл жандардың 2 556-сы жұмыс күші басым өңірлердің тұрғындары болса, қалған 129-ы – қандастар», - дейді басқарма басшысының орынбасары Ринат Елжасов.

Ал шетелден СҚО-ға 2016 жылдан бастап 436 отбасы – 850 қандасымыз қоныс аударған. Көшіп келгендердің басым бөлігі – 178 отбасы Қытайдан, 112 отбасы Өзбекстаннан, 77 отбасы Ресейден, 48 отбасы Моңғолиядан, 13 отбасы Ираннан, 3 отбасы Ауғанстаннан, 2 отбасы Тәжікстаннан және бір отбасыдан Түркіменстаннан, Қырғызстан, Украинадан көшіп келген. Оларға да тиісті демеуқаржы берілді.

Маманның айтуынша, өңірде әлі де жұмыс күші тапшы. Электронды еңбек биржасында 1 740 бос жұмыс орны тіркелген.


Соңғы жаңалықтар