СҚО: Бірнеше аудан әкіміне сөгіс жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі ауданның әкімі тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Айыртау ауданының әкімі Бейбіт Исмановқа құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Мұхамедиевке, Жамбыл ауданының әкімі Мұратбек Әбішевке қызметтік міндеттерін жөнді атқармағаны үшін қатаң сөгіс жариялады. Шенеуніктер 9 айдың қорытындысы бойынша, әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізбеген.

«Алғашқы жарты жылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Жамбыл, Мамлүт және Шал ақын аудандарының әкімдері тәртіптік жауапқа тартылды. Жылдың аяғына қарай не боларын көреміз», - деді Қ. Ақсақалов

Авторы: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар