СҚО: Аяз буып тұр, жолдар жабылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты облыстық маңыздағы жолдар жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық маңызы бар жолдар барлық автокөлік түрлері үшін бүгін сағат 18.00-ден бастап жабылады. Оған қатты аяз себеп. Бүгін өңірде сынап бағанасы минус 35 - 40 градусқа аралығында көрсетіп тұр.

Осыған байланысты құтқарушылар елді мекен аумағынан автокөлікпен шығудың қауіпті екенін ескертуде.


Соңғы жаңалықтар