+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО ауылында заңсыз жұмыс істеп келген дәріхана әшкере болды

2020 жылғы 14 шілде 15:27
Бөлісіңіз:
СҚО ауылында заңсыз жұмыс істеп келген дәріхана әшкере болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті карантин жағдайында дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағада, сәйкестік сертификатынсыз сатқандарды анықтау үшін рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда дәрі-дәрмек бойынша тұрақтандыру қоры құрылды Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда Дәрі-дәрмек пен масканы қымбат бағаға сатқандар ұсталды – Түркістан

Дәрі-дәрмекті алып-сатудың жолын кесу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мен СҚО полиция қызметкерлері бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның барысында облыстың бір ауылында орналасқан заңсыз дәріхананың қызметі тоқтатылды.

Дәріхана пункті азық-түлік дүкенінде міндетті лицензиясыз жұмыс істеп, бірқатар дәрі-дәрмекті сәйкестік сертификатынсыз сатып келген.

Алдын ала есеп бойынша, шамамен 1 миллион теңгеден астам сомаға 438 дәрі-дәрмек тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT