СҚО ауылында карантин жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкое ауылында құстардың Ньюкасл ауруына шалдығуына байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Әлжановтың айтуынша, мұндай жағдайлар бірен-саран кездеседі. Карантин кезінде елді мекеннен құстарды алып кетуге тыйым салынады.

 «Қорқатын ештеңесі жоқ. Ережеге сәйкес, аталған елді мекенге шектеу орнатуымыз қажет. Құстардың өлім-жітімі тоқтады. Дезинфекциялау, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді», - дейді Б. Әлжанов.

Ветеринарлар құстардың вирустық ауруы болып табылатын Ньюкасл ауруы зақымдалған жұмыртқалар арқылы келуі мүмкін деп болжап отыр.

Вирус адам денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді.

Соңғы жаңалықтар